Аймақтар • 17 Желтоқсан, 2018

Солтүстік Қазақстанда 80-ге жуық  полицей марапатталды

439 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шарада 80-ге жуық  полиция қызметкеріне түрлі марапаттар тапсырылды.

Солтүстік Қазақстанда 80-ге жуық  полицей марапатталды

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қанат Айтбаев ардагерлер мен әріптестерін тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Қызмет көрсетудің сервистік үлгісі бойынша ведомоствожда жарқын мысалдар көп, деді ол өз сөзінде.

Қызметтерін адал атқарып, жоғары жетістіктерге жеткені үшін бес қызметкер «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медалін , төрт офицер облыс әкімінің құрмет грамотасын, 50 астам қызметкер ішкі істер министрінің марапаттарын алды.

Үш қызметкердің шені жоғарылатылды. Олардың арасында «полиция полковнигі» шеніне тылдық қамтамасыз ету басқармасының бастығы Нариман Ыбыраев ие болды. Ол ішкі істер органдарында 1997 жылдан қызмет етіп келеді.  «Полиция подполковнигі» шенін қалалық жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Шәмшиден Ақышов та алды. Офицерлердің айтуынша, мұндай  марапат  қызметтік міндеттерді үлгілі атқаруға міндеттейді.

Мерекелік іс-шара департаменттің мәдени орталығының концертіне ұласты.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы